ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
желтоқсан
2025

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

01.12.2025 жылы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ  лицейімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес «Қамқор» жобасы аясында мазмұнды әрі тағылымды сынып тәрбие сағаттары өткізілді.
Аталған іс-шаралар 5 желтоқсан – Дүниежүзілік еріктілер күніне орай ұйымдастырылып, оқушыларға мейірімділік, жанашырлық, жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты – білім алушыларды қоғамға пайдалы, саналы, жауапкершілігі жоғары, адал азамат ретінде тәрбиелеу болды.
🔹 9–11 сыныптарда «Ерікті болу – ерлікпен тең» тақырыбында сынып сағаты өткізіліп, оқушыларға еріктіліктің маңызы, қоғамдағы орны, сондай-ақ әр адамның өз әрекеттері үшін жауапкершілік алуы туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, 10 минуттық қауіпсіздік сабағында «Өз әрекеттеріңіз үшін жауапкершілікті қалай қабылдауға және мектептегі қауіпсіз ортаны қалай сақтауға болады?» тақырыбы талқыланып, оқушылармен пікір алмасу жүргізілді. Бұдан бөлек, мектеп ауласында және сынып ішінде тазалықты қолдау акциясы ұйымдастырылып, оқушылар ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін іс жүзінде көрсетті.
🔹 5–7 сыныптарда Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай тағылымды тәрбие сағаты өтті. Батырдың ерлігі, отансүйгіштігі, тәртібі мен жауапкершілігі үлгі етіліп, жас ұрпақ бойына патриоттық рух сіңірілді. Сонымен қатар, «Мектептегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары» және «Қосымша секциялары бар бағдаршам белгілері» (ЖЖЕ №4) тақырыптарында қауіпсіздік сабағы өтіліп, оқушылардың жол ережелері мен сақтық шаралары жайлы білімдері кеңейтілді.
🔹 1–4 сынып оқушыларымен де Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолы таныстырылып, батылдық пен адалдық ұғымдары түсіндірілді. Қауіпсіздік сабағында «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?» тақырыбы қозғалып, балаларға төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету, арнайы қызмет нөмірлерін есте сақтау, нақты әрі түсінікті ақпарат беру дағдылары үйретілді.
Атқарылған барлық шаралар оқушылардың: ✅ азаматтық жауапкершілігін арттыруға
✅ қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға
✅ ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге
✅ мейірімділік пен қамқорлыққа баулуға бағытталды.
Бұл жұмыстар лицейдің тәрбие жүйесінде оқушылардың тұлғалық дамуына, әлеуметтік белсенділігіне және «Адал азамат» бейнесін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив