01
желтоқсан
2025
“ ШЫМЫР ДА ШАПШАҢ ” ЭСТАФЕТА
Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ITлицейде 29.11.2025 жылы «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының ұйымдастыруымен «Шымыр да шапшаң» атты эстафеталық жарыс жоспарға сәйкес өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты
өмір салтын насихаттау, оқушылардың дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру, шапшаңдық, ептілік және командалық бірлікті дамыту болды.
Жарысқа 9 класс оқушыларынан құралған 4 команда қатысып, әртүрлі спорттық кезеңдер , жылдам жүгіру, арқан тарту, кедергілерден өту, доп тасу, логикалық ойындарды шешу, тез ойлау
тапсырмалары бойынша жарысты.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өзара қолдау көрсетіп, әділ жарысты. Командалар тапсырмаларды қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып орындады.
Жарыстың нәтижесі бойынша: 9А класс “Ең белсенді команда” ,9Б класс”Ең шапшаң команда”, 9Ә класс “Ең епті команда”, 9Ғ класс “Ең ұйымшыл команда” номинациясына иеленді.
Жалпы іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығы артты, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істей білу дағдылары қалыптасты. Жеңімпаз командалар мен белсенді қатысушылар марапатталып, барлық оқушыларға көтеріңкі көңіл- күй сыйланды.







