29
қараша
2025
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ-БАСТЫ МІНДЕТ
28 қараша күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында Құқықтық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара аясында мектеп әкімшілігі мен тәрбие бағытындағы ұйымдардың қатысуымен мазмұны кең, тәрбиелік мәні зор кездесу өтті.
Кездесуге лицей инспекторы Ж. Шахалақ , сондай-ақ Өзін-өзі басқару ұйымының, «Жас Ұлан», «Адал Ұрпақ» ұйымдарының белсенділері қатысты. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты күшейту, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы тәртіп пен заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Лицей инспекторы 8–11 сынып оқушыларымен арнайы түсіндіру әңгімесін өткізіп, жасөспірімдер арасында кездесетін құқықбұзушылықтың түрлері, олардың себептері және заң алдында жауапкершілік туралы толық ақпарат берді. Әсіресе интернеттегі қауіпсіздік, кибербуллинг, бөгде адамдармен байланыс, қоғамдық орындардағы тәртіп, заңға қайшы әрекеттердің салдары сияқты маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, әртүрлі құқықтық жағдайларға қатысты пікір алмасты. Белсенділер мен ұйым мүшелері қоғамдағы тәртіпті сақтау, мектеп ережелерін орындау, өз ортасына үлгі болу туралы ойларымен бөлісті.
Бұл іс-шараның жалпы мақсаты – жасөспірімдерге заң алдындағы жауапкершілік, адалдық, тәртіп, өзін-өзі қорғау дағдылары, қауіпсіздік мәдениеті сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыру болды. Құқықтық сағат оқушылардың азаматтық санасын дамытуға, жауапты әрі саналы тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал етті.







