22
қараша
2025
“ ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР БІРГЕ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН “ АКЦИЯСЫ
Білім басқармасының Әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2025 жылғы 19 қарашадағы №05-1-05-4/7839-И хаты негізінде «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерлету жөніндегі жобаларды іске асыру аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде ерекше шара өткізді.
21 қараша күні сағат 11.00-де 7-11 сынып оқушылары арасында «Полиция және балалар бірге – қауіпсіздік үшін» тақырыбында бірыңғай мазмұндама жазу ұйымдастырылды. Мақсат – оқушыларға құқықтық мәдениетті, қауіпсіздік қағидаларын насихаттау, заңға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Үздік жұмыстар арнайы іріктеліп, білім беру қоғамдастығымен бөлісілді. Бұл бастама балалар мен полиция арасындағы өзара сенім мен әріптестік байланысын нығайтып, қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты кепілі екендігін көрсетті.
Оқушылардың құқықтық білімдері артты.
Қауіпсіздікке деген жауапкершілік сезімі күшейді.
Үздік мазмұндама жұмыстар Facebook арқылы көпшілікке таныстырылды.
Біз балаларымыздың заңға құрметпен қарап, қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауына үлес қосып, қоғамдағы әділдік пен қауіпсіздікті бірге сақтаймыз!






