22
қараша
2025
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ 140 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ
Бүгін лицейімізде алаштың ардақты перзенті Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ашық сабақ өтті.
Бұл шарада оқушылар қайраткердің ұлт үшін атқарған еңбегін, шығармашылық мұрасын терең танып, оның рухани мұрасынан тәлім алды.
Сабақ барысында балалар Міржақып атамыздың өлеңдерін жатқа айтып, шығармашылығы туралы ізденіс жұмыстарын қорғады. Сондай-ақ «Оян, қазақ!» еңбегінің мәні мен тарихи маңызын талқылап, ұлт азаттығы жолындағы күрескерлік тұлғасын жаңаша қырынан зерделеді.
Осындай тағылымы мол шаралар арқылы жас ұрпаққа ұлттық рухты сіңіріп, Алаш арыстарының өнегелі өмірін үлгі ету — біз үшін үлкен мәртебе.
Міржақып Дулатұлының қасиетті мұрасы әрдайым жүрегімізде!




