ӘЛІМЖЕТТІК ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӘЛІМЖЕТТІК ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
21
қараша
2025

ӘЛІМЖЕТТІК ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Лицейімізде әлімжеттік пен құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы №9  ІТ  лицейімізде 8–9 сынып оқушыларына арналған маңызды профилактикалық кездесу өтті. ДТІЖО Н. Р. Дусметова және лицей инспекторы Ж. Шахалақ жасөспірімдер арасында әлімжеттік (буллинг) және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға:
Әлімжеттік әрекеттердің салдары, оның психологиялық және әлеуметтік әсерлері;
Жасөспірімнің құқықтары мен міндеттері, құқықтық жауапкершілік түрлері;
Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, заңға қайшы әрекеттердің зардаптары;
Кибербуллинг, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, интернеттегі жауапкершілік;
Қақтығыстардың алдын алу және мәселелерді бейбіт жолмен шешу дағдылары
туралы толық ақпарат берді.
Сонымен қатар инспектор Ж. Шақалақ өмірлік мысалдар келтіре отырып, құқық бұзушылыққа апаратын негізгі себептерді түсіндірді. Әрбір жасөспірімнің өз әрекеті үшін жауапты екендігі, кез келген теріс қадамның заңдық және моральдық салдары болатыны нақты атап өтілді.
ДТІЖО Н. Р. Дусметова оқушыларды бір-бірін сыйлауға, адамгершілік құндылықтарды ұстануға, мектепте қауіпсіз әрі қолайлы ортаны қалыптастыруға шақырды. Әлімжеттікке жол бермеу — әрбір оқушының, әрбір педагогтың және жалпы мектеп қауымдастығының ортақ міндеті екендігі түсіндірілді.
Бұл кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру, буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз білім ордасын құру.
Осындай жүйелі профилактикалық жұмыстар оқушылардың саналы, жауапты, мәдениетті тұлға болып қалыптасуына елеулі ықпал етеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив