ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ – ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ. » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ – ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ.
21
қараша
2025

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ – ЛИЦЕЙІМІЗДІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ.

Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы  №9 IT-лицейде 7-сынып оқушыларына арналған кешенді тәрбиелік іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оқушыларға салауатты өмір салтының құндылықтарын түсіндіру.
Іс-шараға ДТІЖО Н.Р.Дусметова және лицей инспекторы Ж.Шахалақ қатысып, оқушылармен маңызды тақырыптар төңірегінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Олар жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлерін, олардың туындау себептерін, құқықтық жауапкершілік пен оның салдарын нақты мысалдармен түсіндірді. Әсіресе, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, кибербуллинг, бөгде адамдармен байланыс кезінде сақтық шараларын сақтау, мектеп пен қоғамның талаптарына сәйкес мінез-құлық нормаларын ұстану жайында маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, «Өмірге салауатты қадам» тақырыбы аясында оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі ең басты құндылық екені, салауатты өмір салтының физикалық қана емес, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан да маңызы зор екені түсіндірілді. Зиянды әдеттердің (темекі, энергетикалық сусындар, гаджетке тәуелділік және т.б.) жас ағзаға тигізер кері әсерлері туралы ғылыми деректер мен нақты мысалдар келтірілді.
Оқушыларға арнап тәрбиелік бағыттағы бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны бойынша талдау жүргізілді. Әр бейнероликтен кейін пікір алмасу ұйымдастырылып, балалар өз ойларын еркін айтып, өмірлік маңызы бар мәселелер туралы ашық талқылай алды. Бұл оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, дұрыс шешім қабылдауға және жауапкершілік сезімін күшейтуге ықпал етті.
Іс-шара барысында оқушылар құқықтық нормаларды сақтаудың жеке өмірдегі маңызын, қауіпсіз орта қалыптастырудағы өз рөлін түсіне білді. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстану – болашақ жетістіктің негізі екені тағы бір мәрте айқындалды.
Лицей әкімшілігі мен ұстаздар қауымы оқушылардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуын әрқашан басты назарда ұстайды. Осындай тәрбиелік жұмыстар өскелең ұрпақтың дұрыс бағыт қалыптастыруына, қоғамға жауапты азамат болып өсуіне үлкен үлес қосады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив