СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН-АЛУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН-АЛУ
21
қараша
2025

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН-АЛУ

Шымкент білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9  ІТ лицейімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Адал ұрпақ» ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында 10 «А» сыныбында тәрбиелік маңызы зор тренинг-сабақ өтті.
Сабақты сынып жетекшісі Б.Нұрсеитова ұйымдастырып, оқушылармен бірге жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабы, оның алдын алу жолдары және адалдық ұстанымдарының маңызын жан-жақты талқылады.
Тренинг барысында оқушылар өздері дайындаған мазмұнды слайдтар арқылы тақырыптың мәнін кеңінен ашып, адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарына тоқталды. Сонымен қатар, оқушылар арасында викториналық сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар және пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған белсенді жұмыс жүргізілді.
Іс-шараға лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Р.Дусметова , аға тәлімгер Э.Ж.Султанбаева, ұйымдастырушы-педагог М.БҮсен қатысып, оқушылардың тәрбиелік ой-санасын дамытуға арналған пікірлерімен бөлісті.
Осындай мазмұнды тренингтер жас ұрпақтың бойында адалдық қағидаларын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға зор үлес қосады.
Лицей ұжымы – адал ұрпақ тәрбиесіне бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыра береді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив