18
қараша
2025
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Ағымдағы жылдың 17 қараша күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде 1-11 сынып оқушыларына сынып тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, оқушылардың адамгершілік құндылықтарын дамытуға және қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған мазмұнды шаралар өткізілді.
1–4 сыныптарда «Smart Bala» жобасы аясында
«Интернеттегі ізеттілік пен қауіпсіздік»,
сондай-ақ «Су қоймаларындағы қауіптер» тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру сабақтары өтті. Балалар онлайн этиканы, жеке деректерді қорғау жолдарын және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін меңгерді.
5–8 сыныптарда апта дәйексөзі
«Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» негізінде тәрбиелік іс-шаралар өтті.
«DOSBOLLIKE» бағдарламасы аясында
«Сенімділік – сәттіліктің кепілі»,
«Бейтаныс адамның шақыруын қауіпсіз бас тарту жолдары»
және ЖЖЕ №3 «Жол таңбаларының мақсаты» тақырыптары талқыланып, оқушыларға буллингтен қорғану, жауапкершілік және қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді.
9–11 сыныптарда «DOSBOLLIKE» жобасы бойынша
«Көшбасшы – деген кім?»
және
«Адамның жеке шекарасын қорғаудың негізгі қағидалары»
тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Жоғары сынып оқушылары көшбасшылық, жеке жауапкершілік, буллингтің алдын алу, ішкі және сыртқы шекараларды қорғау туралы мағыналы әңгімеге қатысты.





