ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қараша
2025

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Адал азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ІІ тоқсанның алғашқы аптасы әділдік пен жауапкершілік  құндылығын дәріптеуге арналды.
Аптаның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында әділ шешім қабылдай білу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау, адалдық пен сенімділік қасиеттерін қалыптастыру.
1–4 сыныптарда «Мен қандай баламын?» тақырыбында сынып сағаты өткізіліп, балалар өз мінез-құлқын саралап, мейірімділік пен әділдіктің өмірдегі маңызын талқылады.
Қауіпсіздік сабағында «Отбасылық құпия сөз» және «Жүргіншілер өтпелері. Бағдаршам» тақырыптары қозғалып, оқушылар жолда жүру ережелерін есте сақтаудың қажеттілігін ұғынды.
5–8 сыныптарда «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында сабақтар мен пікірталастар ұйымдастырылды. Балалар адал еңбектің қадірін түсініп, әр жетістік еңбектің жемісі екенін талдады. Сонымен қатар, «Көшедегі қауіпсіз ойын алаңының қағидалары» бойынша қауіпсіздік сабағы өтті.
9–11 сыныптарда да осы жоба жалғасын тауып, оқушылар шынайылық пен әділдік туралы ой бөлісті. «Шынайы достық пен жалған достықты ажырату» тақырыбында пікірталас өткізіліп, сенім мен адалдықтың тұлға болудағы маңызы айқындалды.
Бұл апта лицейде оқушыларды әділ, жауапты және еңбекқор азамат болып қалыптасуға баулу жолындағы маңызды тәрбие кезеңі болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив