ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ
10
қазан
2025

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейімізде жасөспірімдер арасында қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жиналысы өткізілді. Іс-шараға Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі – Оңғар Берік Арманұлы және жедел уәкіл – Баймурзаев Айдос Алипбаевич арнайы шақырылып, 10-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, оның заң алдындағы жауапкершілігі мен салдары туралы кеңінен түсіндірілді. Мамандар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – интернеттегі құқық бұзушылықтар, әлеуметтік желілердегі кибербуллинг және жастар арасындағы тәртіп сақтамау жағдайлары жөнінде нақты мысалдар келтіре отырып әңгіме жүргізді.
Сонымен қатар оқушыларға өз-өзін қорғау мәдениеті, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, жауапкершілік пен азаматтық сана туралы маңызды кеңестер берілді. Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпаққа заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және дұрыс өмірлік таңдау жасау қағидаларын ұғындыру болды.
Оқушылар офицерлердің айтқан кеңестерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, заң алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға және қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
➡️ Құндылық: Бұл шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік және құқықтық мәдениет құндылықтарын қалыптастыруға негіз болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив