09
қазан
2025
ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН ЖОБАСЫ
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында Шымкент Қаласының Білім Басқармасы қарасты Лицей О.А.Жолдасбеков Әділет органдарының күніне орай «Адалдық – атадан қалған мұра» тақырыбында ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шараны ДТІЖ орынбасарлары Н. Р. Дусметова мен А. Жарықбасов ұйымдастырып, оқушыларға адалдық, әділдік және парасаттылық ұғымдарының қоғамдағы маңызын жан-жақты түсіндірді. Олар ел болашағының жарқын болуы әрбір азаматтың ар-ұяты мен адал еңбегіне байланысты екенін атап өтті.
Кездесу барысында жас буынға еңбекқорлық пен әділдікті өмірлік қағида ету, кез келген істе адал болу – ел дамуының кепілі екендігі жайында терең ойлар айтылды. Сонымен қатар оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны, оның алдын алу жолдары және оған қарсы тұрудың маңыздылығы түсіндірілді.
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – өзімізден басталады!» деген ұстаным аясында қатысушылар әр адамның ішкі мәдениеті мен адалдығы қоғамдағы әділеттіліктің басты тірегі екенін түйіндеді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, ел болашағына үлес қосатын парасатты тұлғаларды тәрбиелеу.




