ОҚУШЫЛАРМЕН САЯХАТ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
қазан
2025

ОҚУШЫЛАРМЕН САЯХАТ

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!» / «Нет краше и лучше родной страны!» апталығы аясында 🌿
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 11-сынып оқушылары өздерінің сынып жетекшісі Мака Кабдуловнаның жетекшілігімен танымдық әрі тәрбиелік мәні зор саяхатқа шықты. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақ бойында патриоттық рухты, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру, сондай-ақ туған өлкенің тарихы мен табиғи сұлулығын тануға бағыттау болды. 🇰🇿
Саяхат барысында оқушылар өз туған өлкесінің көрікті табиғатымен, тарихи-мәдени мұраларымен, елге еңбегі сіңген тұлғалармен байланысты орындарымен танысты. Бұл кездесу олардың білім көкжиегін кеңейтіп, туған елдің бай рухани қазынасын тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.
Макка Кабдуловна оқушыларға саяхат кезінде туған жердің қасиетін, ел мен жердің қадірін түсіндіріп, әрбір жастың елдің болашағы екенін ерекше атап өтті. Осындай мәнді де мазмұнды шаралар арқылы оқушылар өз туған елін мақтаныш тұтып, болашақта елдің дамуына өз үлесін қосуға деген ынта-жігер мен жауапкершілік сезімін арттырды. 🌟
Бұл саяхат – тек танымдық сапар ғана емес, жүректерге жылу, санаға серпіліс берген рухани тәрбие сабағы болды. Лицей ұжымы осындай игі шаралар арқылы «Адал азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, туған жерге деген адалдықты қалыптастырып келеді. 🌺
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив