06
қазан
2025
ЛИЦЕЙ АУЛАСЫНДА СЕНБІЛІК "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЖОБАСЫ
Таза орта – жарқын болашақ! 
Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің оқушылары лицей ауласында сенбілік ұйымдастырды.
Бұл шараның басты мақсаты – тазалыққа, ұқыптылыққа және табиғатты аялауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Оқушылар өз қолдарымен гүлзарларды тазалап, ағаштардың түбін ақтап, аула аумағын ретке келтірді. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында еңбекқорлық, бірлік пен табиғатқа жанашырлық сияқты құндылықтарды нығайтады.
Осындай игі істер арқылы оқушыларымыздың экологиялық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігі арта түсуде!






