20
қыркүйек
2025
ТӘРБИЕ САҒАТТАР


Шымкент білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейде «Адал азамат» – Біртұтас тәрбие жоспары аясында 15 қыркүйек күні 1-11 сынып оқушылары арасында «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі», «Конституция – опора Независимости!» және «ДосболLike» тақырыптарында кең көлемді тәрбие сағаттары өткізілді.Бұл бөлімде ұстаздар мен сынып жетекшілер оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы, баптары және олардың әр азаматтың өміріндегі маңызы туралы терең түсіндірме жасады. Оқушылар еліміздің Ата Заңы – тәуелсіздігіміздің, бейбітшілігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі екенін білді. Талқылау барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін анықтап, «Егер Ата Заң болмаса не болар еді?» деген сұраққа жауап беріп, топтық жұмыс арқылы өз ойларын постерлерге түсірді.
Бұл тәрбие сағатында мемлекеттік тілмен қатар орыс тілінде де түсіндіру жүргізіліп, көптілді білім беру құндылығы көрсетілді. Оқушылар ел бірлігінің, достық пен келісімнің басты тірегі – заңға бағыну, тәртіп сақтау екенін талқылады. Қазақстанның демократиялық қағидалары мен әр адамның құқықтық мәдениетін дамыту жолдары сөз болды.
Бұл қызықты тақырыпта оқушылар достықтың адам өміріндегі орны туралы пікір алмасып, «нағыз дос қандай болу керек?» деген сұраққа өз жауаптарын ұсынды.
Бұл іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды жауапкершілікке, әділдікке, сыйластыққа тәрбиелейді. «Адал азамат» – Біртұтас тәрбие бағдарламасының басты мақсаты – өз елінің заңын құрметтейтін, әділ, парасатты, отансүйгіш азамат тәрбиелеу. Осындай мазмұнды тәрбие сағаттары оқушылардың бойына құқықтық мәдениет пен патриоттық сезім дәнін себеді, мектепте жылы қарым-қатынас, достық пен бірлікті нығайтады.
#Адал_Азамат_Біртұтас_тәрбие