ЖЕТІСТІК-ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН ТАЛАНТТЫҢ ЖЕМІСІ ШАБЫТ ЖОБАСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ЖЕТІСТІК-ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН ТАЛАНТТЫҢ ЖЕМІСІ ШАБЫТ ЖОБАСЫ
27
наурыз
2026

ЖЕТІСТІК-ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН ТАЛАНТТЫҢ ЖЕМІСІ ШАБЫТ ЖОБАСЫ

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейіміз үшін қуанышты жаңалық! 🌟
Шабыт жобасы аясында "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде "Жас қаламгер" бағыты бойынша 8 «Ғ» сынып оқушысы Әубәкір Інжу жүлделі ІІ орын иеленді.
Бұл жетістік – оқушының шығармашылық қабілеті, терең ойлау жүйесі мен сөз өнеріне деген ерекше қызығушылығының айқын дәлелі. "Жас қаламгер" бағыты – тек жазу шеберлігін ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ойды көркем жеткізу, қоғамға өз көзқарасын білдіру мәдениетін қалыптастыратын маңызды алаң. Осындай додада топ жарып, жүлделі орынға ие болу – үлкен еңбек пен ізденістің нәтижесі.
Інжудің бұл жеңісі – жас ұрпақтың рухани дамуы мен шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл жетістік білім ордамыздағы сапалы білім мен тәрбие жұмысының нәтижелі жүргізіліп жатқанын айғақтайды.
👏 Жас қаламгерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
📚 Қаламың ұштала берсін, шабыт пен шығармашылық табыс серік болсын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив