21
сәуір
2026
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ ЖОБАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Бір сынып – бір кітап» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы олардың дүниетанымын кеңейту және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар Дулат Исабековтің «Дермене» шығармасын оқып, мазмұнымен танысты. Кітап бойынша өзара пікір алмасып, шығарма кейіпкерлері мен негізгі идеясы жөнінде ой бөлісті. Оқушылар шығармадағы тәрбиелік мәні терең ойларды талқылап, өз көзқарастарын ортаға салды. Аталған іс-шара олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, білімге деген құштарлығын дамытуға оң ықпал етті.



