03
сәуір
2026
“ КІТАППЕН АШЫЛҒАН ӘЛЕМ “ ТАҚЫРЫБЫНДА КӨРМЕ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ ЖОБАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Кітаппен ашылған әлем» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, рухани және танымдық қабілеттерін дамыту.
Шара барысында түрлі көркем және танымдық кітаптар таныстырылып, оқушылар өз қызығушылықтарына сай шығармалармен танысты. Көрме олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.





