“ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ” АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ
"Тарих және география" апталығының ашылуы өтті. Апталық аясындағы биылғы тақырып – *"Ұлы Жібек жолының өткені мен бүгіні"* деп аталады. Бұл тақырып – ғасырлар бойы өркениеттер мен мәдениеттерді байланыстырған, Қазақстан жері арқылы өткен ұлы керуен жолының маңызын ұғынуға бағытталған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты жалғаған ең ірі сауда жолы ғана емес, ғылым мен білім, дін мен өнер, мәдениет пен дәстүр алмасқан ұлы өркениеттер арнасы болды. Қазақ жері – осы жолдың күретамыры