Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің» педагог-психологы Ж.Ә. Төлтай тарапынан ата-аналарға арналған «Баламды қаншалықты білемін?» атты шағын психологиялық тренинг өткізілді.
Кездесу барысында ата-аналарға балаға эмоционалдық қолдау көрсетудің, оның жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарына көңіл бөлудің және баламен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Презентация арқылы ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған психологиялық кеңестер ұсынылды.
Тренингтің практикалық бөлімінде ата-аналарға «Баламды қаншалықты білемін?» сауалнамасы ұсынылды. Қатысушылар баласының қызығушылықтары, сүйікті істері, көңіл күйі, армандары мен жеке ерекшеліктері туралы ойланып, өз баласын қаншалықты жақсы білетініне назар аударды.
Сонымен қатар, «Бала көзімен» жаттығуы арқылы әртүрлі жағдаяттар талқыланып, баланың көңіл күйін түсіну, оны сынамай тыңдау және қажет кезде қолдау көрсету жолдары қарастырылды.