28
тамыз
2026
ЗАМАНАУИ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК ОТЫРЫС ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ
2026 жылғы 26 тамыз күні Информатика және физика кафедрасында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған тағылымды тренинг өтті.
Тренингті Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Адырбаева Зина Ариповна жүргізіп, «Заманауи сабақты жоспарлау ерекшелігі» тақырыбында құнды тәжірибесімен бөлісті.
Тренинг барысында заманауи сабақ құрылымы, тиімді жоспарлау, оқу мақсаттарына қол жеткізу жолдары және сабақ үдерісін жаңаша ұйымдастырудың тиімді тәсілдері талқыланды. Преподаватели тәжірибелік тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасып, кәсіби қоржындарын жаңа әдіс-тәсілдермен толықтырды.
Осындай мазмұнды кездесулер ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. 
Кәсіби даму – сапалы сабақтың, ал сапалы сабақ – жарқын болашақтың негізі! 
Тренингті жоғары деңгейде ұйымдастырып, тәжірибесімен бөліскен Зина Ариповнаға алғысымызды білдіреміз!



