БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАН ТАНЫМДЫ САБАҚ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАН ТАНЫМДЫ САБАҚ
01
қазан
2026

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАН ТАНЫМДЫ САБАҚ

2026 жылғы 30 қыркүйекте Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейде 5-сынып білім алушыларымен «Есептеу техникасының даму тарихы» тақырыбында мазмұнды сабақ ұйымдастырылды.
Сабақты информатика пәнінің педагогі Сандыбаев М.У. өткізді. Сабақ барысында оқушылар есептеу техникасының даму тарихымен танысып, оның негізгі кезеңдерін жүйеледі және болашақтағы технологиялық мүмкіндіктер туралы өз ойларын ортаға салды.
Сабақтың ерекшелігі – білім алушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін заманауи әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуында. Оқушылар «Есептеу эволюциясы», «Адасқан құралдар», «Роботқа көмектес» әдістері арқылы ақпаратты талдап, есептеу құралдарының даму кезеңдерін ретімен орналастырып, алған білімдерін бекітті.
💡 Сабақ барысында ChatGPT, Flow, Dola AI, Google Gemini секілді жасанды интеллект құралдары қолданылып, оқушылар жұптық жұмыс кезінде болашақтың есептеу құралын ойлап тауып, оның атауын, қызметін және жұмыс істеу ерекшелігін сипаттап, өз жобаларын таныстырды. Бұл тапсырмалар білім алушылардың цифрлық сауаттылығын, шығармашылық және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталды.
🌱 Сабақ мазмұны еңбекқорлық, ізденімпаздық, жауапкершілік және жаңашылдық құндылықтарымен ұштасып, оқушылардың ғылым мен технология жетістіктеріне қызығушылығын арттыруға бағытталды.
👩‍🏫 Сабаққа Н. Р. Дусметова қатысып, сабақтың ұйымдастырылу барысын, білім алушылардың белсенділігін және заманауи цифрлық құралдардың оқу үдерісінде қолданылуын бақылап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив