01
қазан
2026
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕР: ТӘЖІРИБЕ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде білім алушылардың әлеуметтік жағдайын зерделеу, әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету және оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы білім алу ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында әдістемелік тәжірибе алмасу кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында №25 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы Жакипбаева Асия Мырзахановна өзінің кәсіби қызметі барысында жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп, әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары бойынша әдістемелік ұсыныстарын ұсынды.
Тәжірибе алмасу барысында білім алушылардың әлеуметтік жағдайын зерделеу, әлеуметтік санаттағы оқушылармен жұмыс жүргізу, отбасымен тиімді байланыс орнату, әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу, құжаттаманы жүйелеу және профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қамтылды.
Осындай әдістемелік кездесулер мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, озық тәжірибені таратуға, жаңа жұмыс тәсілдерін енгізуге және әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың сапасын арттыруға жол ашады.
Бірлескен ізденіс – сапалы әлеуметтік қолдаудың негізі!
