«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ» АШЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ» АШЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ
01
қазан
2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ» АШЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру және қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру мақсатында «Таза Қазақстан – таза болашақ» тақырыбында ашық экологиялық сабақ өткізілді.
🍃 Экологиялық сабаққа 9 «И» сынып оқушылары белсенді қатысып, табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау, ресурстарды үнемдеу және экологиялық жауапкершілік мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара барысында оқушыларға «Таза Қазақстан» бастамасының мәні түсіндіріліп, тазалықтың тек айналаны жинаудан ғана емес, әр адамның күнделікті мәдениеті мен жауапты әрекетінен басталатыны айтылды. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, туған жерді қадірлеу, қоршаған ортаға зиян келтірмеу – бүгінгі жас ұрпақтың маңызды азаматтық ұстанымдарының бірі екені атап өтілді.
🌱 Сабақтың негізгі идеясы – «Таза орта – таза ой – таза болашақ» қағидасын оқушылардың санасына сіңіру. Әрбір оқушының қарапайым әрекеті – қоқысты жерге тастамау, суды және электр энергиясын үнемдеу, табиғатты аялау, айналасына тазалық мәдениетін насихаттау – қоршаған ортаны сақтауға қосылған нақты үлес екені көрсетілді.
Сабақты биология пәні мұғалімі Кенжехан Ақжелең Бектұрғанқызы 9 «И» сынып оқушыларымен бірлесе ұйымдастырып, мазмұнды түрде өткізді.
✨ Осындай тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, оларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, қоғамдық белсенділікке және туған жерге жанашыр болуға тәрбиелейді.
💚 Тазалық – бір күндік акция емес, әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс құндылық.
🌿 Таза Қазақстан – біздің ортақ үйіміз.
Таза болашақ – бүгінгі жауапты ұрпақтың қолында!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив