«ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ» БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » «ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ» БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
28
қыркүйек
2026

«ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ» БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 10-сынып оқушыларына «Далалық оқу-жаттығу жиыны» пәні бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар әскери дайындық бағытындағы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, қару-жарақтың құрылысымен танысу, оны бөлшектеу және жинау тәртібін меңгеру, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша практикалық жұмыстар орындауда.
Практикалық сабақтар оқушылардың:
🔹 әскери дайындық дағдыларын қалыптастыруына;
🔹 тәртіп пен жауапкершілігін арттыруына;
🔹 қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренуіне;
🔹 топпен жұмыс жасау және өзара көмек көрсету дағдыларын дамытуына ықпал етеді.
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытып, практикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындауда.
🇰🇿 «Далалық оқу-жаттығу жиыны» пәні – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп және ел қауіпсіздігіне құрмет құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған маңызды оқу курсы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив