28
қыркүйек
2026
“ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ” АШЫЛУ САЛТАНАТЫ







Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің спорт алаңында лицейішілік «Ұлттық мектеп лигасының» ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, командалық рухты қалыптастыру және оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Ашылу салтанатында лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Асилова оқушыларға жылы лебізін білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік, жеңіс және жоғары спорттық нәтижелер тіледі. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, оқушылар белсенділік танытты. Спорттық жарыстарға қатысушыларға сәттілік тілеп, «Ұлттық мектеп лигасы» тартысты да қызықты жарыстарға толы болсын деген тілек білдірілді.
Тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннис, алтын доп (баскетбол ), былғары доп (футбол), шұбар доп (волейбол), бес асық, асық ату, жеңіл атлетикалық кросс осы спорт түрлерінен жоспар бойынша «Ұлттық мектеп лигасының» лицейішілік кезеңі өткізіледі.
