26
қыркүйек
2026
«ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында білім алушылар арасында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында дебат өткізілді.
Іс-шара барысында ДТЖЖО А.Т. Асилова сөз сөйлеп, оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Дебатта оқушылар өз ойларын ортаға салып, заңды құрметтеу, құқық пен міндет, қоғамдағы тәртіп мәселелері бойынша пікір алмасты.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңды құрметтеуге және өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу.



