26
қыркүйек
2026
«БІР СЫНЫП — БІР КОМАНДА »ТАҚЫРЫБЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 5-сынып оқушылары арасында мектеп ортасына бейімделуге қолдау көрсету, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру және буллингтің алдын алу мақсатында «Бір сынып — бір команда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында оқушылар «Менің есімім + менің ерекшелігім» танысу жаттығуы арқылы бір-бірімен жақынырақ танысып, өздерінің ерекшеліктерін атап өтті.
Топтық жұмыс барысында оқушыларға өмірлік жағдайларға негізделген кейс тапсырмалары ұсынылды. Оқушылар кейстерді талқылап, жағдаяттағы мәселені анықтап, кейіпкердің сезімін түсінуге және жағдайдан шығудың тиімді жолдарын ұсынуға тырысты. Бұл тапсырма арқылы өзара қолдау көрсету, шеттетпеу, жағымсыз әзілге жол бермеу және қиын жағдайда дұрыс әрекет ету мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ «Бір сынып — бір команда»шығармашылық тапсырмасында оқушылар өздері қалаған сынып бейнесін жасап, сыныпта болуы қажет құндылықтарды атап өтті.
Тренинг соңында «Достық ағашы»шығармашылық жұмысы орындалып, оқушылар өз сыныбында достық, бірлік, қолдау және сыйластық болғанын қалайтындарын білдірді.
Оқушылар тренингке белсенді қатысып, тапсырмаларға қызығушылық танытты. Кері байланыс барысында тренингтің оқушыларға ұнағаны байқалды.
Жалпы, өткізілген жұмыстар оқушылардың сыныпқа бейімделуіне, бір-бірін түсінуіне және сыныпта жағымды психологиялық орта қалыптастыруға ықпал етті.
Педагог-психолог: Ж.Ә.Төлтай



