Бүгін лицейімізде Шымкент қаласы Полиция департаменті Администрация полиция басқармасының ұйымдастыруымен 14–16 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» профилактикалық іс-шарасы аясында оқушылардың жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың көшеде өзін қауіпсіз ұстау дағдыларын қалыптастыру.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Администрация полиция басқармасының қызметкерлері арнайы қатысып, оқушылармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
Сапаров Рәбілбек Төлегенұлы – аға инспектор, полиция майоры;
Саимкулов Тимур Оразгелдіұлы – полиция подполковнигі;
Жахангер Бекет Мақсатұлы – Шымкент қаласы ПД Администрация полиция басқармасының инспекторы, полиция капитаны;
Қалмуратов Бағдат Даулетбайұлы – Шымкент қаласы ПД ӘПБ инспекторы, полиция капитаны;
Қалдыбек Ақниет Алмасбекқызы – Шымкент қаласы ПД ӘПБ инспекторы, полиция аға лейтенанты.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға жол белгілерінің мағынасын, бағдаршам сигналдарын дұрыс түсінуді, жаяу жүргіншілер өткелінен өту тәртібін, жолдан өту кезінде қандай қауіпсіздік талаптарын сақтау керектігін жан-жақты түсіндірді.
Ерекше назар оқушылардың қауіпсіздік ережелерін тек теория жүзінде біліп қана қоймай, күнделікті өмірде дұрыс қолдануына аударылды.
Практикалық бөлімде полиция қызметкерлері оқушыларға бағдаршамның көмегімен жолды қауіпсіз әрі дұрыс кесіп өту тәртібін іс жүзінде көрсетіп, қауіпсіздік алгоритмін нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Оқушылар өз кезегінде алған білімдерін практика жүзінде орындап, жолдан өту кезінде сақталуы тиіс негізгі талаптарды бекітті.Мұндай практикалық сабақтардың маңызы зор. Себебі бала жол қозғалысы ережесін тек жаттап қана қоймай, оны нақты жағдайда дұрыс қолдануды үйренеді. Бұл – оқушының өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал ететін маңызды тәрбие бағыты.
«Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» қағидасы негізінде ұйымдастырылған іс-шара оқушыларға сақтық пен жауапкершіліктің маңызын ұғындырды.Іс-шараға лицейіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Р. Дусметова, аға тәлімгер Э. Ж. Султанбаева және сынып жетекшілер қатысты.
Полиция қызметкерлерінің оқушылармен ашық форматта жұмыс жүргізуі балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, полиция мен оқушы арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға мүмкіндік берді.
Жол ережесін сақтау – тәртіптіліктің белгісі.Бағдаршамға бағыну – өз өміріңе деген жауапкершілік.
Қауіпсіз жол – әр баланың амандығы!