“БАҒДАРШАМ-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » “БАҒДАРШАМ-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
17
қыркүйек
2026

“БАҒДАРШАМ-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ

«Абайлаңыз, балалар!» апталығы аясында лицейімізде Майлыбай И.О. және Турмухамедова Д.Б. ұйымдастыруымен 1-сынып оқушылары арасында «Бағдаршам – біздің досымыз» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмысы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережелерін ерте жастан үйрету, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Түсіндіру барысында оқушыларға бағдаршамның үш түсінің мағынасы, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту тәртібі, жолдан өтер кезде жан-жағына мұқият қарау, көлік қозғалысына назар аудару және жол бойында қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Практикалық тапсырмалар арқылы оқушылар «қызыл – тоқта», «сары – дайындал», «жасыл – жүр» қағидаларын бекітіп, жол белгілері мен бағдаршам сигналдарын дұрыс ажыратуға дағдыланды.
Мұндай жұмыстардың тәрбиелік мәні зор. Себебі қауіпсіздік ережесін білу ғана емес, оны күнделікті өмірде саналы түрде қолдану – әр баланың жауапкершілік мәдениетінің негізі. Жол қауіпсіздігіне қатысты қарапайым дағдыларды мектеп жасынан қалыптастыру оқушының өзіне ғана емес, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне де құрметпен қарауына ықпал етеді.
👫 «Абайлаңыз, балалар!» апталығы аясындағы бұл жұмыс – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік жарақатының алдын алу және жас ұрпақтың құқықтық әрі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы маңызды тәрбиелік қадам.
🚦 Бағдаршам – жолдағы тәртіптің белгісі.
Жол ережесін сақтау – өз өміріңді қорғау!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив