«ДОСБОЛLIKE» — ДОСТЫҚ ПЕН СЫЙЛАСТЫҚҚА БАСТАР ҚАДАМ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » «ДОСБОЛLIKE» — ДОСТЫҚ ПЕН СЫЙЛАСТЫҚҚА БАСТАР ҚАДАМ
15
қыркүйек
2026

«ДОСБОЛLIKE» — ДОСТЫҚ ПЕН СЫЙЛАСТЫҚҚА БАСТАР ҚАДАМ

Лицейіміздің 7 «Б» сынып оқушыларымен буллингтің алдын алу, оқушылар арасында өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру, жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында «ДосболLIKE» шығармашылық тренингі өткізілді.
Тренингтің алғашқы бөлімінде оқушылар өз есімдерін айтып, өздері туралы қызықты фактілерімен бөлісті.
🎨 Тренингтің негізгі бөлігінде «ДосболLIKE» шығармашылық тапсырмасы ұйымдастырылды. Школьникам адам бейнесіндегі парақтар ұсынылып, олар өздерінің қызығушылықтарын, сүйікті істерін және өзіне тән ерекшеліктерін шығармашылық түрде көрсетті.
Әр оқушының жұмысы өзінше ерекше болды. Жұмыс соңында барлық шығармашылық жұмыстар біріктіріліп, ортақ «Достық қабырғасы» жасалды.
✨ Достық — сыйластықтан, ал сыйластық — түсіністіктен басталады!
7 «Б» сынып оқушыларына белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз! 💛
 педагог-психолог Ж.Ә. Төлтай
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив