«МОБИЛЬДІК КӨМЕК» РЕЙД ЖҰМЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » «МОБИЛЬДІК КӨМЕК» РЕЙД ЖҰМЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
15
қыркүйек
2026

«МОБИЛЬДІК КӨМЕК» РЕЙД ЖҰМЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Лицейімізде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, қолайлы психологиялық орта қалыптастыру және әрбір оқушыға дер кезінде қолдау көрсету мақсатында «Мобильдік көмек» рейд жұмысы ұйымдастырылды.
Рейд жұмысы аясында лицейіміздің 1 және 2 ауысым оқушыларына мобильдік топ мүшелері тарапынан түсіндіру және таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға ДТІЖО Н.Р. Дусметова, А.Т. Асилова, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, аға тәлімгер Э.Ж. Султанбаева  қатысып, білім алушылармен кездесті.
Кездесу барысында оқушыларға мобильдік топтың негізгі мақсаты мен атқаратын қызметі кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, мобильдік топ – білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың арасында туындауы мүмкін түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алуға, қиын өмірлік немесе психологиялық жағдайға тап болған оқушыларға дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған қолдау тобы екені айтылды.
Сонымен қатар, оқушыларға қандай жағдайда және кімнен көмек сұрауға болатыны, өзіне немесе өзгеге қауіп төнген жағдайда әрекет ету жолдары, сенімді ересек адамға хабарласудың маңыздылығы түсіндірілді. Мобильдік топ мүшелерінің басты міндеті – тек бақылау жүргізу емес, ең алдымен оқушының қауіпсіздігін қорғау, оның мәселесіне бейжай қарамау және қажетті жағдайда жан-жақты қолдау көрсету екендігі ерекше атап өтілді.
Рейд барысында лицей аумағы араланып, оқушылармен жеке және топтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім алушыларға мектеп – тек білім алатын орта ғана емес, сонымен қатар әрбір баланың өзін қауіпсіз, қорғалған және қолдауға ие сезінетін кеңістігі болуы тиіс екені жеткізілді.
Осындай профилактикалық жұмыстар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін арттыруға, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына және көмек сұраудан қорықпауына ықпал етеді.
✨ Қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Әрбір оқушының қауіпсіздігі, психологиялық саулығы жән
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив