«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
09
қыркүйек
2026

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!

Кітап оқуды жақсы көресіз бе? Өзіңізді жаңа шығармалармен сынап, білім көкжиегіңізді кеңейткіңіз келе ме?
Ендеше, алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына қатысыңыз!
Марафон 2026 жылы қыркүйек – 2027 жылы сәуір аралығында өтеді.
Марафонның 7 бағыты:
 📕«Кітап оқитын мектеп» – 6–10 сынып оқушылары
📗 «Кітап оқитын колледж» – колледж студенттері
 📙«Кітап оқитын университет» – ЖОО студенттері
 📕«Кітап оқитын педагог» – мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары
 📘«Кітап оқитын әулет» – отбасылық командалар
 📔«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» – мемлекеттік қызметшілер
 📘«Кітап оқитын зияткер» – барлық азаматтарға арналған
 📚Қатысушылар арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет.
 Оқу кезеңінде қатысушылар оқыған кітаптары туралы қысқаша пікірлерін жеке кабинетінде жариялайды. Ал 2027 жылы наурыз-сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
💰 ЖЕҢІМПАЗДАРҒА АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚТАР:
 🥇1-орын – 600 000 теңге
 🥈2-орын – 450 000 теңге
 🥉3-орын – 300 000 теңге
Барлық финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады!
 📮Толық ақпарат пен тіркелу:
@kitap_oqityn_ult
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив