«ҚҰЛАҚ ГИГИЕНАСЫ – ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ» » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » «ҚҰЛАҚ ГИГИЕНАСЫ – ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ»
05
қыркүйек
2026

«ҚҰЛАҚ ГИГИЕНАСЫ – ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ»

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде бастауыш сынып оқушыларының денсаулық мәдениетін қалыптастыру, жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету және құлақ мүшесін дұрыс күту дағдыларын дамыту мақсатында танымдық-профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Киргизбаева Диана Уткирбековна, «ҚОРҒАН-М» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі төрайымы бастаған мамандар арнайы келіп, бастауыш сынып оқушыларына құлақ гигиенасы, құлақты дұрыс күту, тазалықты сақтау және есту мүшесінің денсаулықтағы маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға құлақтың адам ағзасындағы қызметі, оның құрылымы, есту қабілетін сақтаудың қарапайым ережелері түсіндіріліп, күнделікті өмірде кездесетін қауіптердің алдын алу жолдары айтылды. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды.
📚 Теориялық ақпаратты бекіту мақсатында оқушылар құлақтың құрылысын бейнелейтін практикалық жұмыс орындады. Олар құлақ мүшесінің негізгі бөліктерін танып, арнайы сызба арқылы оның құрылысын бояп, алған білімдерін шығармашылық тапсырма арқылы бекітті.
Практикалық жұмыс балалардың тақырыпты жеңіл әрі қызықты меңгеруіне мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың ұқыптылық, жауапкершілік, тазалыққа мән беру, өз денсаулығына қамқорлықпен қарау сияқты маңызды қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.
🌿 Іс-шараның басты құндылығы – балаға денсаулықтың қадірін ерте жастан түсіндіру. Өз денесін танып, оны дұрыс күте білетін бала – өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын тұлға.
Осындай профилактикалық және тәжірибелік бағыттағы кездесулер оқушылардың медициналық сауаттылығын арттырып, «Адал азамат» құндылықтары аясындағы жауапкершілік, еңбекқорлық, ұқыптылық және өзіне қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыруға маңызды үлес қосады.
🤝 Бала денсаулығына бағытталған пайдалы бастамалар мен мазмұнды кездесулер үшін Киргизбаева Диана Уткирбековнаға және «ҚОРҒАН-М» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі өкілдеріне алғыс білдіреміз!
Денсаулық – балаға берілетін ең қымбат құндылық. Оны қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз! 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив