БАЛДӘУРЕН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕГІ ЖАРҚЫН КҮН » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » БАЛДӘУРЕН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕГІ ЖАРҚЫН КҮН
18
маусым
2026

БАЛДӘУРЕН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕГІ ЖАРҚЫН КҮН

Бүгін Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде балалар үшін тағы бір қызықты да мазмұнды күн өтті.
Күн таңертең лагерь тәрбиеленушілерін жылы қарсы алып, балаларды қабылдаудан басталды. Одан кейін қатысушылар бой жазу жаттығуларын жасап, сергектік пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Денсаулықты нығайтуға бағытталған жаттығулар балалардың белсенділігін арттырып, күнді жақсы көңіл-күймен бастауға мүмкіндік берді.
Күннің келесі бөлігінде оқушылар настольді ойындар ойнап, өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтарын және бір-бірімен қарым-қатынас жасау мәдениеттерін дамытты. Мұндай ойындар балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, әділдікке және ортақ шешім қабылдауға тәрбиелейді. Әр қатысушы ойын барысында белсенділік танытып, бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізді.
Сонымен қатар лагерь тәрбиеленушілері музыка сабағына қатысып, өнер әлеміне саяхат жасады. Музыкалық іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға ықпал етті. Ән айтып, түрлі музыкалық тапсырмаларды орындау арқылы балалар ерекше әсерге бөленді.
Түскі уақытта балаларға тәтті жеңіл ас ұсынылып, олардың көтеріңкі көңіл-күйі одан әрі жалғасты. Демалыстан кейін тәрбиеленушілер ойын алаңында түрлі қимылды ойындар ойнап, таза ауада серуендеп, сергек әрі көңілді уақыт өткізді. Бұл сәттер балалардың достық қарым-қатынасын нығайтып, ұжымдық рухын қалыптастыруға септігін тигізді.
Осындай қызықты әрі тәрбиелік мәні зор іс-шараларға толы күннің соңында балалар көтеріңкі көңіл-күймен, жарқын әсерлер мен ұмытылмас естеліктер жинап үйлеріне тарқасты. Лагерьдегі әр күн балалардың жан-жақты дамуына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруына және жарқын жазғы демалыс өткізуіне бағытталған.
✨ «Балдәурен» лагеріндегі әр күн – қуанышқа, достыққа, шығармашылыққа және жарқын әсерлерге толы!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив