09
маусым
2026
«ШЕБЕРЛІК ӘЛЕМІ» – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ДАМУҒА ТОЛЫ КҮН !
2026 жылдың 08 маусым күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде тәрбиеленушілер үшін мазмұнды әрі танымды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Балалар шығармашылық сабақтарға қатысып, ән айтып, түрлі ойындар арқылы өз қабілеттерін дамытты. Лицей психологы өткізген тренинг барысында тәрбиеленушілер достық, сыйластық және өзара қолдау құндылықтарын дәріптеді.
Сонымен қатар «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай «Есірткісіз болашақ» флешмобы өткізілді. Шара барысында оқушылар салауатты өмір салтын қолдап, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.
«Шеберлік әлемі» күні балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өнер мен білімге деген қызығушылығын арттыруға, тұлғалық дамуына қолдау көрсетуге және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған мазмұнды іс-шараларымен ерекшеленді. Тәрбиеленушілер күн бойы көтеріңкі көңіл-күйде болып, жаңа әсерлер мен пайдалы тәжірибе жинақтады.




