ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ДЕМАЛЫС » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ДЕМАЛЫС
05
маусым
2026

ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ДЕМАЛЫС

Жазғы лагерь жоспарына сәйкес Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары қаламыздың көрікті орталық саябағына серуенге шығып, табиғат аясында пикник ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу және олардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайту болды. Серуен барысында балалар саябақтың әсем табиғатын тамашалап, таза ауада демалып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Пикник кезінде түрлі қызықты ойындар ойналып, танымдық әңгімелер жүргізілді. Оқушылар өзара ынтымақтастық пен ұйымшылдықтың маңызын түсініп, табиғаттың адам өміріндегі ерекше орнын сезіне білді. Мұндай іс-шаралар балалардың рухани дамуына, экологиялық мәдениетінің қалыптасуына және салауатты өмір салтын ұстануына оң әсер етеді.
Табиғат аясындағы бұл әсерлі демалыс оқушыларға жарқын көңіл күй сыйлап, жазғы лагерь күндерін одан әрі қызықты әрі мазмұнды ете түсті. Балалар көтеріңкі көңіл күймен лагерьге оралып, өздерінің жағымды әсерлерімен бөлісті.
Балалардың бақытты күлкісі мен шаттыққа толы сәттері – біздің ең үлкен жетістігіміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив