МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙБАРЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙБАРЫ
05
маусым
2026

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙБАРЫ

2026 жылғы 4 маусым күні сағат 09:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай еліміз бойынша бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі және Мемлекеттік Әнұранды салтанатты орындау іс-шарасы өткізілді.
Аталған патриоттық шараға Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары белсене қатысты. Оқушылар Мемлекеттік Туымызға құрмет көрсетіп, Әнұранды зор мақтанышпен орындады. Бұл тағылымды іс-шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге бағытталды.
Государственные символы – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің ең қастерлі белгілері. Ту, Елтаңба және Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатады. Осындай маңызды іс-шараларға қатысу арқылы оқушылар ел тарихын құрметтеуге, мемлекеттік нышандардың мәні мен маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды.
Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мәртебесі асқақтай берсін!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив