“МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР -ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » “МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР -ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
05
маусым
2026

“МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР -ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

03.06.2026 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Государственные символы күніне орай «Государственные символы – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараны лицей кітапханашылары Ергеш Д. және Сұлтанбекова М. ұйымдастырып, тәрбиеленушілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы кеңінен мәлімет берді. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихы, олардың авторлары, тәуелсіз еліміздің қалыптасуындағы маңызы және әрбір азаматтың рәміздерге деген құрметі туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Оқушылар рәміздердің еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің басты нышаны екендігін түсініп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы екендігі айтылып, патриоттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара барысында балалар Мемлекеттік Туымыздың көгілдір түсінің мәні, Елтаңбадағы ұлттық белгілердің ерекшелігі мен Мемлекеттік Әнұранның ел бірлігін нығайтудағы рөлі туралы мағлұмат алды. Қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елжандылық қасиеттерді нығайту болды.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар арқылы тәрбиеленушілер туған еліне деген мақтаныш сезімін арттырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қастерлеудің маңызын терең түсіне білді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив