03
маусым
2026
«БАЛДӘУРЕН» ЛАГЕРІНДЕГІ МАЗМҰНДЫ КҮН

02.06.2026 жыл күні Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде жоспарға сәйкес бірқатар тәрбиелік, танымдық және сауықтыру бағытындағы іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Күн оқушыларды қабылдаудан басталды. Лагерь тәрбиеленушілерін топ жетекшілері жылы қарсы алып, қатысушыларды арнайы тізім бойынша қабылдап, қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударды. Балалар өз топтарына бөлініп, күн тәртібімен таныстырылды. Бұл жұмыстар балалардың лагерь ортасына тез бейімделуіне және өздерін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне мүмкіндік берді.
Күн тәртібіне сәйкес таңғы бой жазу жаттығулары өткізілді. Г. Чупахинаның жетекшілігімен музыкалық сүйемелдеуде ұйымдастырылған сергіту сәттері балалардың көтеріңкі көңіл-күймен күнді бастауына ықпал етті. Жалпы дамыту жаттығулары, тыныс алу және созылу қимылдары тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын арттырды.
«Кітап әлеміне саяхат» күні аясында кітапханашылар ұйымдастырған «Өнерпаздар сайысы» ерекше әсер қалдырды. Сайыс барысында оқушылар мәнерлеп өлең оқып, әдеби кейіпкерлерді таныстырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Балалардың кітапқа деген қызығушылығы артып, көркем әдебиеттің тәрбиелік және танымдық маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды. Бұл шара жас ұрпақтың рухани мәдениетін қалыптастыруға және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Күн барысында тәрбиеленушілер үшін тәтті шай мен жеңіл ас ұйымдастырылып, балалардың дұрыс тамақтануы мен демалысына қолайлы жағдай жасалды. Санитарлық талаптар сақталып, әр топ белгіленген уақытта ас ішіп, сергіп алды.
Күннің ең әсерлі сәттерінің бірі – Қуыршақ театрына ұйымдастырылған танымдық саяхат болды. Қазақ және орыс топтарының тәрбиеленушілері «Бағдаршамдар елі» және «Страна светофоров» атты екі тілдегі қойылымдарды тамашалады. Қойылым арқылы балалар жол қозғалысы ережелері, жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршам белгілерінің маңызы және көшедегі қауіпсіздік қағидалары туралы маңызды білім алды. Театрландырылған көріністер оқушылардың қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал етті.
Күн соңында тәрбиеленушілерді ата-аналарына тапсыру жұмыстары ұйымдасқан түрде жүргізілді. Әрбір бала арнайы бақылау арқылы ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне аман-есен тапсырылып, қауіпсіздік талаптары толық сақталды. Бұл жұмыстар лагерь ұжымы мен ата-аналар арасындағы өзара сенім мен жауапкершіліктің жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Жалпы, лагерьдің бұл күні балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мазмұнды іс-шараларға толы болды. Тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы оқушылар жаңа білім алып, жарқын әсерге бөленіп, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне қайтты.
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері алдағы уақытта да балалардың жан-жақты дамуына бағытталған қызықты әрі тағылымды іс-шаралар ұйымдастыруды жалғастыра береді.


