2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » 2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ
01
маусым
2026

2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2025–2026 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесі өткізіліп, оқу жылы барысында атқарылған жұмыстар сараланып, маңызды мәселелер бойынша қорытындылар жасалды.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде:
🔹 Жасанды интеллекттің білім алушылардың оқу дағдысын қалыптастырудағы рөлі (Ж.И. Сеитова);
🔹 Үйде оқыту бойынша оқу бағдарламаларының орындалуы (Д.С. Наушабаева);
🔹 LS бойынша зерттеу топтарының жұмысын қорытындылау (Ж.И. Сеитова);
🔹 9 және 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау емтихандарына жіберу (Б.С. Донаева);
🔹 5–8 және 10-сынып оқушыларын аралық емтиханға жіберу (Б.С. Донаева, Д.И. Наушабаева);
🔹 2–10 сынып оқушыларын келесі сыныпқа көшіру (Б.С. Донаева);
🔹 Жылдық білім сапасының қорытындысы (Б.С. Донаева, Д.И. Наушабаева) мәселелері қаралды.
Кеңес барысында оқу жылының нәтижелері талданып, білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың қорытындылары шығарылды. Сонымен қатар, педагогикалық ұжым алдағы оқу жылына арналған міндеттер мен басым бағыттарды айқындады.
Педагогикалық кеңес шешімдері негізінде лицейдің білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған жұмыстар жалғасатын болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив