01
маусым
2026
”ТАЗА АУЛА – ТАЗА ОРТА” ЛИЦЕЙ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК
Шымкент қаласы әкімдігінің 25.05.2026 жылғы №39-09-13/3326 хатына сәйкес, «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» орай Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.
Сенбілік барысында лицей аумағын абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында , шөптерді ору, аумақты қоқыстардан тазарту жұмыстары атқарылды. Лицей ұжымы қоршаған ортаны қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосып, білім ордасының аумағын көркейтуге белсенді қатысты.
Таза әрі көрікті орта қалыптастыру – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.




