“БАЛАМЕН ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС” ТАҚЫРЫБЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » “БАЛАМЕН ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС” ТАҚЫРЫБЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
26
мамыр
2026

“БАЛАМЕН ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС” ТАҚЫРЫБЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 11 “В” сынып оқушыларының ата-аналарымен «Баламен тиімді қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
🎯 Тренингтің мақсаты: Ата-аналардың баланы мұқият тыңдай білу дағдыларын дамыту, сенімді қарым-қатынас орнатуға үйрету.
Тренинг барысында ата-аналар «Жүрек жылуы» жаттығуы арқылы бір-бірімен жақынырақ танысып, жылы атмосфера қалыптасты. Сонымен қатар, әр ата-ана балаларға деген ақ тілектері мен жүрекжарды лебіздерін білдірді. 💌
Кездесу барысында қазіргі таңда бала тәрбиесіндегі маңызды дағдылардың бірі — баланы тыңдай білу мәселесіне ерекше назар аударылып, «Белсенді тыңдау» жаттығуы өткізілді. Ата-аналар балалардың сезімін түсініп, қолдау көрсетудің, сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы туралы тәжірибе алмасты. 🤝
Сондай-ақ, оқушылардың  психологиялық әл-ауқатын жақсартуда отбасы мен ата-ананың рөлі туралы ұсыныстар мен пайдалы кеңестер берілді.
✨ Осындай мазмұнды кездесулер ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын арттыра түседі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив