26
мамыр
2026
“БІЛІМІМ ОТАНЫМА” ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ
«Білімім – Отаным!» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаты лицейімізде жоғары деңгейде ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 06 мамырдағы №3-05-4/3253-И тұжырымдамалық хаты негізінде лицейімізде оқу жылының қорытындысына арналған Шымкент қаласы Управления образованиянақарастыӨ.Жолдасбеков атындағы №9 ІТлицейде«Білімім – Отаным!» атты республикалық бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, заң мен тәртіпке құрмет сезімін нығайту, сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарын насихаттау болды.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға тәуелсіз еліміздің болашағы білімді, саналы әрі тәрбиелі ұрпақтың қолында екені кеңінен түсіндірілді. Жас ұрпақтың бойына бірлік пен татулық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды асыл қасиеттерді сіңіруге басымдық берілді.
Сонымен қатар:
жолдағы және судағы қауіпсіздік;
Сынып жетекшілері оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық ойындар, пікірталастар, мотивациялық әңгімелер мен тәрбиелік бағыттағы бейнероликтер ұйымдастырды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, ел болашағына деген жауапкершілік туралы әсерлі пікірлерімен бөлісті.






