14
мамыр
2026
«25 МАМЫР -СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 11-сынып оқушыларымен «25 мамыр – Соңғы қоңырау» іс-шаралары кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ КҚБ бастығының орынбасары Бекболатұлы Дінмұхамед, ҚПД Әл-Фараби АПБ КҚБ ЮПИ полиция майоры С. Байсейтов және ҚПД Әл-Фараби АПБ КҚБ ЮПИ полиция майоры Д.А. Искакова, лицей директоры Г.С.Абилдаева, ДТЖЖО А.Т.Асилова және Н.Р.Дусметова сонымен қатар сынып жетекшілері және қатысты. Жиын барысында қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау туралы маңызды ақпараттар берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіру кештері мен соңғы қоңырау мерекесі кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар, автокөлік кортеждерін ұйымдастыруға, заңсыз ақша жинауға және тәртіпке қайшы әрекеттерге жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, оқушыларға әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, кешкі уақыттағы тәртіп сақтау, көлікпен жүру кезіндегі қауіпсіздік талаптары жөнінде ескертілді. Родителям балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігі түсіндірілді.
Лицей әкімшілігі тарапынан мектеп бітіру іс-шараларын жоғары деңгейде әрі қауіпсіз өткізу мақсатында профилактикалық жұмыстар жалғасатыны айтылды.




