Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «15 мамыр – Халықаралық отбасы күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, жанұя құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру болды. Сабақ барысында оқушылар отбасының әр адамның өміріндегі орны, сыйластық пен өзара қолдаудың маңызы туралы ой бөлісіп, отбасы бірлігінің қоғам тұрақтылығының негізі екенін ұғынды.
Аптаның дәйексөзі:«Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күнің жоқ»
Осы нақыл сөз аясында оқушыларға бірлік пен татулықтың кез келген ортадағы табыстың кепілі екені түсіндірілді.
Қауіпсіздік тақырыптары бойынша да маңызды түсіндірме жұмыстары жүргізілді:
1–4 сынып оқушылары «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» тақырыбында төтенше жағдайда хабарласатын қызмет түрлерімен танысып, оларды дұрыс пайдалану жолдарын үйренді.
5–8 сыныптарда «Мектептегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары» тақырыбы қарастырылып, білім алушыларға мектеп аумағындағы тәртіп сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау және жауапкершілік туралы түсіндірілді.
9–11 сынып оқушылары «Жедел қызметтер мен сенім телефондарының нөмірлері» тақырыбында ақпарат алып, қиын жағдайларда көмекке жүгіну тәртібі мен қолдау көрсету қызметтері жайлы мәліметтермен танысты.
Тәрбие сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың отбасылық құндылықтарды құрметтеуіне, жауапкершілік сезімін қалыптастыруына және қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.