08
мамыр
2026
“ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕР” ТАҚЫРЫБЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде ағымдағы жылдың 06 мамыр күні “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында Үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында сурет байқауы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың бойында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрметті арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылар өз жұмыстарында отбасы мүшелерінің бірлескен еңбегін, мерекелік жоралғыларды (тұсаукесер, бата беру, т.б.) және күнделікті өмірдегі сыйластықты көркемдік тәсілдермен бейнеледі. Қатысушылар жұмыс барысында өз отбасыларының ерекшеліктері туралы баяндап, дәстүр сабақтастығының маңыздылығын талқылады. Суреттер мазмұнының тереңдігімен және түстердің үйлесімділігімен ерекшеленді.
Орта буын оқушылары өз туындыларында отбасылық құндылықтарды, жылылық пен ата-бабадан қалған асыл мұраларды бейнеледі.








