08
мамыр
2026
“ДОСБОЛLIKE : БІЗ БӘРІМІЗ ТЕҢБІЗ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде білім алушылар арасында буллингке нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру, құрмет, достық және өзара көмек құндылықтарын нығайту мақсатында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «ДосболLIKE: біз бәріміз теңбіз» республикалық челленджі аясында мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары іс-шаралар ұйымдастырылуда.
2026 жылғы 05 мамыр күні аталған челлендж шеңберінде лицейімізде «Спорттық достық» тақырыбында ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылар арасында өзара құрметке, қабылдауға және ынтымақтастыққа негізделген қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ буллингтің алдын алу арқылы жанжалсыз қарым-қатынасты дамыту болды.
Іс-шара барысында оқушылар командалық рухтың маңызын терең сезініп, бір-біріне қолдау көрсету, өзара түсіністік таныту, әділдік пен сыйластық қағидаттарын ұстану арқылы нағыз достықтың үлгісін көрсете білді. Түрлі спорттық жарыстар, белсенді ойындар мен командалық тапсырмалар оқушылардың бірлігін арттырып қана қоймай, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, өзара сенімділік пен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етті.
Сонымен қатар, іс-шара аясында оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға, эмпатия сезімін арттыруға және ортақ мақсатқа бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Бұл – тек спорттық белсенділік емес, сонымен қатар тұлғалық даму мен рухани құндылықтарды дәріптеудің маңызды алаңы болды.
Аталған бастамаға педагогтер, сынып жетекшілері және ата-аналар қауымдастығы белсенді қатысып, оқушыларға қолдау көрсетіп, қауіпсіз әрі достық орта қалыптастыру жолында бірлесе жұмыс атқарды. Ұйымдастырылған іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адамгершілік, сыйластық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор игі шаралар арқылы оқушылар өздерінің тек білімді ғана емес, сонымен қатар бір-біріне құрметпен қарайтын, қолдау көрсете алатын, қоғамда өз орнын таба білетін саналы тұлға болып қалыптасуына берік негіз қалайды.





