08
мамыр
2026
ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №9 IT ЛИЦЕЙІНЕ 90 ЖЫЛ ТҮЛЕКТЕР РУБРИКАСЫ
Лицейіміздің 90 жылдық мерейтойы аясында білім ордамызда ерекше тағылымды кездесу өтті. Әр жылдары лицей қабырғасында білім алған, бүгінде әр салада жетістікке жеткен түлектеріміз алтын ұя мектебіне арнайы келіп, жас ұрпақпен және ұстаздар қауымымен жүздесті.
Кездесудің құрметті қонақтары – 1968–1978 жылдар аралығындағы лицей түлегі, к.ф.-м.н. Лободенко Елена Ивановна (Томск қаласы), 1978 жылғы түлек Югай Сергей Георгиевич және 1980 жылғы түлек Анарбаев Ринат Фархатович болды.
Қонақтар лицейдің қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, білім беру үдерісіндегі жаңашылдықтар мен жетістіктерге жоғары бағаларын берді. Заманауи білім беру ортасы, оқушылардың жетістіктері мен ұстаздардың еңбегі – түлектер үшін зор мақтаныш сезімін оятты.
Кездесу барысында қонақтар өздерінің мектеп қабырғасындағы қызықты сәттерімен, ұстаздарына деген құрметі мен сағынышын жеткізіп, өмір жолындағы маңызды кезеңдердің дәл осы лицейден бастау алғанын ерекше тебіреніспен атап өтті. Олардың шынайы естеліктері мен өмірлік тәжірибелері бүгінгі оқушыларға үлкен мотивация беріп, білімге деген құштарлықты арттырды.
Бұл тағылымды кездесу ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, білім мен тәрбиенің үздіксіз байланысын айқындай түсті. Лицейдің 90 жылдық тарихы – тек өткеннің шежіресі ғана емес, болашаққа бағытталған үлкен рухани құндылық екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Осындай мазмұнды жүздесулер жас буынға үлгі-өнеге беріп, туған мектепке деген сүйіспеншілік пен құрметті арттырары сөзсіз.
