ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ НЕГІЗІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ НЕГІЗІ
05
мамыр
2026

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ НЕГІЗІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық апталығы аясында 8 «Ә» сыныбында «Ұлттық ойындар: Асық ату, Ләңгі, Бес тас, Ханталапай ойындары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
📅 05.05.2026 жылы, І ауысымның 7-сабағында ұйымдастырылған ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақ барысында оқушылар қазақтың ұлттық ойындарының ережелерімен танысып, оларды тәжірибе жүзінде ойнап, ептілік, шапшаңдық, дәлдік және зейін қою қабілеттерін шыңдады.
Ұлттық ойындар арқылы оқушылардың дене дайындығы ғана емес, халқымыздың салт-дәстүріне деген құрметі артып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында маңызды жұмыстар жүргізілді.
👨‍🏫 Сабақ жетекшісі: Ижанов Қойшыбай Жолдасбекович
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларды ұлттық мұрамен таныстыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ өте тартымды әрі мазмұнды өтіп, оқушылар белсенділік танытып, ұлттық ойындарға ерекше қызығушылықпен қатысты.
Осындай ашық сабақтар жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив